Семинарлар және кездесулер

"Департамент күні" шарасы ағымдағы жылдың 19 қарашасында Шалқар ауданында аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаев, білім бөлімінің басшысы, мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, МДҰ меңгерушілері мен әдіскерлері, ТжКББ әкімшілігі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен өз жалғасын тапты. 
Шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, "Өрлеу" БАҰО өкілдері, ардагер-ұстаз М.Малайдар білім беру сапасы мен тәрбиені арттыру, педагог кадрлардың мәртебесі, біліктілікті арттыру секілді келелі мәселелер туралы ой қозғады. Ата-аналар, педагогикалық қоғам өкілдерімен кездесу барысында көкейде жүрген сауалдарына жауаптар мен мәліметтер берілді. 
Департаменттің өткізген мемлекеттік бақылау шараларына қатынасып, білім мен біліе дағдысын өз мәнінде көрсете білген бірқатар ұстаздар Департаменттің Алғыс xаттарымен марапатталды. Сонымен қатар Шалқар қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 9,11 класс оқушылары, ата-аналары және класс жетекшілерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру, кәсіби диагностика жұмыстары ұйымдастырылды. 
Кездесу соңы Департамент басшысы Бұлбұл Бисембайқызы Кузембаеваның қоғамдық қабылдауына ұласты. 
Аталмыш шара өз жалғасын Алға, Қарғалы, Мәртөк аудандары мен Ақтөбе қаласында табады.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Темір ауданында "Департамент күні" шарасы өтті. Аталмыш шара барысында білім саласындағы өзгерістер, облыстың білім беру ұйымдарының жай-күйі, кадрлармен қамту, білім беру бөлімдерінің және әдістемелік кабинеттерінің қызметі, білім беру ұйымдары жанынан құрылған қамқоршылық кеңес құрамы, оның бекітілген ережеге сәйкес атқаратын функциясы, білім беру мазмұнын жаңарту туралы мәселелер қатары кеңінен талқыланды. Шараға аудан әкімі Ж.Қалмағамбетов, аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, МДҰ меңгерушілері мен әдіскерлері, жас мамандар, ардагер-ұстаздар, мектеп псиxологтары, ата-аналар мен қамқоршылық кеңес төрағалары қатынасты.

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Қобда ауданында "Департамент күні" шарасы өтті. Шараға Қобда ауданының әкімі М.Шермағамбет, аудандық білім бөлімі, ауданының білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлері, ардагер-ұстаздар, мектеп психологтары, жас мамандар қатынасты. Шара барысында "Білім беруді дамытудың проблемалары мен шешілу жолдары" тақырыбына өзекті мәселелер қатары қозғалып, Департамент басшысы Б.Кузембаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы үздіксіз білім беру институтының директоры Г.Такишева, "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерідің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Каплиева, Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж.Шалабаева, ардагер-ұстаз М.Малайдар облыстағы білім беру ұйымдарының білім беру жайы, білім берудің жаңа мазмұны, педагогтардың біліктілікті арттыруы және қайта даярлануы, ШЖМ кадрлармен қамтамасыз ету жолдары турасында ой бөлісті. Мемлекеттік бақылау шараларына қатынасып, жоғары біліктілік деңгейін көрсетіп жүрген бірқатар ұстаздар департаменттің Алғыс хаттарымен марапатталды.Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мобильдік тобының мүшелері Қобда ауылында орналасқан орта мектеп түлектері, ата-аналары мен класс жетекшілерімен кездесу өткізіп, сауалнамалар жүргізіп, кәсіби бағдар берді.Күннің екінші жартысында Қобда орта мектебінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткен ашық сабаққа қатынас болды. Ауданның білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық кеңесі төрағалары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, мектеп директорларының қатысуымен қамқоршылық кеңестің құрылуы мен ұйымдастырылуы, атқаратын функциясы туралы түсінік беру жұмыстары Қобда қазақ орта мектебі базасында жүргізілді.
Департамент басшысы Б.Кузембаева Ақтөбе облыстық "Нұр Отан" партиясының Қобда ауданындағы филиалында Қобда ауданы тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.

Департамент басшысы Б.Кузембаева, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы үздіксіз білім беру институтының директоры Г.Такишева, "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкелердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Каплиева, ардагер-ұстаз М.Малайдар, "Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ директорының орынбасары Ж. Шалабаева және мобильдік топ жетекшісі Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, менеджмент магистрі Ж.Индиеваның қатысуымен 2018 жылдың 5 қарашасында Ойыл ауданында "Департамент күні" шарасы өз жалғасын тапты. Шараны аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы Сагиров ашты.
Шара барысында "Білім беруді дамыту мен шешілу жолдары" тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада облыстың білім беру жүйесінің әртүрлі бағыттағы салыстырмалы талдауы соның ішінде Ойыл ауданының көрсеткіштеріне тоқталып өтілді. Елбасының Қазақстан xалқына жолдауындағы білім беру саласын дамытуға нақты белгіленген тапсырмалары туралы мәселелер атап өтілді.

2018 жылдың 31 қазаны күні білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Г.Имангалиеваның ұйымдастыруымен М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты базасында "Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі-білім беру ұйымын алқалы басқару нысаны" тақырыбына семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Г. Бакиева және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің қамқоршылық кеңес қызметін үйлестіруге жауапты мамандары қатысты. Семинар барысында қамқоршылық кеңес қызметін үйлестіру бағытында ой бөлісіп, пікір алмасып, жұмысты ұйымдастыруға қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылды.

29 қазан күні Ырғыз ауданында "Департамент күні" жалғасын тауып, Департамент басшысы Б.Кузембаева, "Өрлеу" БАҚД АҚ директорының орынбасары Н.Кибатаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.Бекназаров, ардагер-ұстаздар Ж.Муxамбетова мен А.Сакауованың қатысуымен ауданның педагогикалық ұжымы, мектеп директорлары мен орынбасарлары, псиxологтар, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлер, ардагер-ұстаздармен кездесу шарасы өтті. Шара барысында білім саласындағы оңды өзгерістер туралы мәліметтер берілді. Білім беру ұйымдарында өтетін мемлекеттік бақылауға сарапшы ретінде қатысып, белсенділік танытып жүрген М.Төлегенов атындағы ОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Департаменттің Алғыс xатымен марапатталды. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Шара соңында аудандағы ата-аналар комитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңестері төрағаларымен кездесу өтті. Осы кездесу кезінде қамқоршылық кеңес қызметінің мәні мен ұйымдастырылуы туралы сөз қозғалып, көкейдегі сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

31 қазан күні Хромтау ауданы Дөң орта мектебінде Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Департамент күні» атты семинар өтті. Саминарға аудан әкімі Аманғали Бердалин, Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары Нұрсұлу Кибатаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінің «Шетел тілдер» факультеті деканының міндетін атқарушы Айнұр Баядилова, Хромтау ауданы мектептерінің директорлары мен ардагер ұстаздар қатысты.

2018 жылдың 8-12 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті Әйтеке би, Хромтау, Байғанин  Мұғалжар аудандары және Ақтобе қаласында облыстағы білім беру ұйымдарына 2018 жылдың І жартыжылдығында өтетін ішінара  тексеріс бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шаралардың мақсаты облыстағы білім беру  ұйымдарының тәуекел дәрежесін айқындау тәртібі туралы,  тәуекел дәрежесін бағалау және тексеру парағы, НҚА бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу  болып табылады.

Соңғы жылдары білім саласын реформалау үдерісінде оның құқықтық базасын жетілдіру бойынша едәуір жұмыс атқарылды.  Алайда, білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану  процесінде актілерде орын алған коллизиялар,  қайталанулар байқалады. Білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолданудағы айқындалған мәселелер бойынша  Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2017 жылдың қазанның 3-де Ақтөбе облысы білім беруді бақылау Департаменті,  Ақтөбе қаласының білім бөлімі, №21 мектеп гимназиясы, Новый орта мектебі, «Нұрсәт», «Нұр-ай» балабақшалары  және Мұғалжар ауданының білім бөлімімен  бірігіп  Қандыағаш қаласының №1 орта мектеп базасында  «Білім беру мазмұнын жаңарту білім сапасын жақсарту шарты ретінде» атты облыстық  әдістемелік семинар өткізді.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары 2017 жылдың 15 тамызында "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары" санитариялық қағидаларына өзгерістер енгізу мақсатында ұсыныстарды талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2017 жылдың 8-9 маусымы күндері Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің арнайы ұсынысы бойынша  «Білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін мектептердегі тиімді оқыту және критериалды бағалау моделі»  тақырыбына семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – білім берудің жаңа мазмұнымен байланысты негізгі мәселелерді бірлесе талқылау: табысты оқыту, оқытудағы уәждеу тәсілдері мен критериалды бағалау жүйесін енгізу.

Мектептердегі ақша жинау мәселесін шешуге Қамқоршылық кеңестері көмектеседі. Аталған жүйе білім мекемелерінің көптеген қаржылық-шаруашылық мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті (Департамент) білім саласындағы проблемаларды көтеріп, талқылауды, оның шешу жолдарын бірлесіп іздестіруді жүзеге асырып келеді.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен  (Университет) бірлесіп, 2017 жылдың 14 маусымында «Сананы жаңғарту: білімнің салтанат құруы» аясында «Білім беру сапасын көтеру жолдары» атты облыстық  проблемалық семинар өткізді.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің  Қазақстан Республикасы заңнамалары негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 25 сәуірінде ішкі құқықтық оқыту семинары өткізілді. Департамент мамандары, оның ішінде құқықтық оқыту жоспарында нормативтік-құқықтық актілерге түсіндіру жұмыстарына жауаптылар ретінде белгіленген қызметкерлер баяндама жасады. Құқықтық семинарда бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығы, оқулықтар бойынша нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың  үлгілік қағидалары және т.б. заңнамалық актілерге тоқталынып, талдау жасалып пысықталды. Сұрақтар қойылып, соңы пікірталасқа ұласты. 

2016 жылдың наурыз айының 28-30 күндері аралығында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары облыстың барлық 12 аудан орталықтарында болып, «2016 жылғы ҰБТ мен ОЖСБ-ны өткізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Ақтөбе облысының аудандық білім бөлімінің мамандары, аудандар мектептерінің директорлары, пән мұғалімдері, 4, 9, 11-класс жетекшілері, ҰБТӨП жетекшілері, ата-аналар, БАҚ өкілдері қатысты (баспа басылымдары). Қатысушылардың жалпы саны 600 адамды қамтыды.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің және Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 наурызында Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектебінің мәжіліс залында 2016 жылғы ҰБТ мен ОЖСБ-ны өткізудің ерекшеліктері тақырыбындағы ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Д.Жақсыбеков арнайы қатысып, дәріс оқыды. Ақпараттық-түсіндірме жұмысына Ақтөбе облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мамандары, қала мектептерінің директорлары, пән мұғалімдері, 4, 9, 11-класс жетекшілері, ҰБТӨП жетекшілері, ата-аналар, оқушылар, БАҚ өкілдері (баспа басылымдары), барлығы 400 адам қатысқан болатын. Ақпараттық-түсіндірме жұмысында ҰБТ мен ОЖСБ-ны өткізудің ерекшеліктері, мақсат, міндеттері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, сауалнама жүргізілді. Семинар қорытындысындаҰлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Д.Жақсыбеков алдағы өткізілетін  іс-шараларға сәттілік тіледі.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің және Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 наурызында Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында 2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері үшін оқыту семинары өткізілді. Аталмыш семинарға Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Д.Жақсыбековсарапшы ретінде шақырылып, дәріс оқыды. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық түсіндіру мақсатында слайдтар көрсетіліп, сауалнама толтырылды. Оқыту семинарына Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдері, ҰБТӨП жетекшілері, барлығы 152 адам қатысты.

2016 жылдың 29 қаңтарында Департаментте басшы Ә.Көшербаевтың төрағалығымен мекеме қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462 бабы 3 тармағын Заң аясында қолдану» тақырыбындағы оқыту семинары болып өтті. Семинарға сарапшылар ретінде арнайы Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б. Ізтай, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Махметов, Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары Р.Тулеуов, Ақтөбе қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры А.Ақылбекұлы шақырылды. Аталмыш іс-шараға Департаменттің барлық қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің  Қазақстан Республикасы заңнамалары негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 25 қаңтарында құқықтық оқыту семинары өткізілген болатын. Құқықтық оқыту семинарында Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған және өзгерістермен толықтырулар енгізілген Заңнамаларына түсіндірмелер жүргізілді.

 

2016 жылдың 6 қаңтарында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті Ақтөбе қалалық білім бөлімімен бірлесіп №56 орта мектебінің мәжіліс залында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өткізді. Талдауға техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің директорлары және қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері қатысты.

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2014 жылдың 22 желтоқсанында және 2015 жылдың 8 қаңтарында  білім беру ұйымдарын инспекциялаудың сапасын көтеру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Аталған іс-шараға облыстың тәжірибелі мұғалімдері, колледж, мектеп директорлары, олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру институты және ғылыми-практикалық орталығының өкілдері шақырылды.

2012-2014 ж. © Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті
.