2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша өзгерістер
18.05.2015 05:17

2015 жылғы 2-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы бойынша 3 ҰБТ өткізу пункттері (Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарында) ашылды.

ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

  1. 2015 жылдан бастап кәмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның қорытындысы бойынша орташа арифметикалық сомасындағы құрамдық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады. ҰБТ-ның форматы өзгермейді.

Мұндай аттестаттау оқушыны әділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді

  1. 2015 жылдан бастап ҰБТ қорытындысын жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша ғана білуге болады. Алған балл тізімінде бітірушінің тегі ЖСН-мен алмастырылады. Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Сервиске қол жеткізу үшін ЖСН мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу талап етіледі.
  2. 2015 жылы ҰБТ-ға алғаш рет 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бітіруішлер қатысады. Оларға арналып 12-жылдық білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсырмалары базасы әзірленді.
  3. ҰБТ өткізу пункттерінде ҰБТ өткізуді басқару  және бақылау үшін 2000 Министрілік өкілдері анықталды (әрбір аудиторияға 1 өкіл есебінен); 
  4. Алғаш рет техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуіне жауап беретін арнайы қызметкерлер жіберіледі. 

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушіден тыйым салынған заттар табылған жағдайда ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес мектеп бітіруші автоматты түрде аудиториядан шығарылады, ал оның нәтижелері жойылады.

Облыс орталықтарында  ҰБТ өткізу кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының өтініштері мен шағымдарына жедел ден қою үшін ҰБТ өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылады.

2012-2014 ж. © Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті
.