Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары, педагогикалық және ата-аналар қауымының өкілдері!

Сіздермен  Білім саласындағы  бақылау Департаменті сайтында кездескенімізге қуаныштымыз.

Ақтөбе облысы бойынша  200-ге тарта  мектепке дейінгі ұйым, 460-қа  жуық  жалпы орта мектеп, түзету және мектеп-интернаттары, 40-тан аса колледждер мен лицейлер жұмыс жасауда.

Департаменттің  негізгі мақсаты  оқушы тұратын мекен-жайына (қала немесе ауыл), ұлты, жасы, жынысы, денсаулығына қарамастан сапалы білімге тең қолжетімді жағдай туғызу болып табылады.

Білім беру қызметтерінің білім сапасын бақылауының орталықтандырылған  жүйеге  ауысуы  еліміздің өскелең ұрпақтарының білім деңгейінің  жоғары  жалпыұлттық  дәрежеге жетуіне жағдай туғызатындығына, Республиканың білім беру жүйесінде  Ақтөбе облысының  да  өзіндік орны жоғары болатындығына  сенеміз.  

Департамент тарапынан білім беру жүйесіндегі проблемаларды тауып, оларды шешудің тиімді  жолдарын қарастыруда Сіздердің қолдауларыңызды күтеміз. Білім беру жүйесінде мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар-барлығымыз бірлесе отырып қана дұрыс шешім тауып, сенімді бағыт қабылдай аламыз.

Облысымыздың  білім саласының сапасын  арттыруда бірлесе  табысты жұмыс жасаймыз деп сенім білдіреміз.

2012-2014 ж. © Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті
.